361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте қазақ-қырғыз шекарасын шегендеу туралы заң жобасы қаралды

  • 120

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы бекеттердің материалдық-техникалық базасын жақсарту қажет.

Бүгін Мәжілісте екі елдің шекарасын шегендеу туралы заң жобасы қаралды. Қазір ортақ шекара ұзындығы 1 мың 257 шақырымды құрайды. Бұнда 30 шақты бекет орналасқан. Бірақ болашақта олардың санын екі есе арттыру көзделіп отыр. Депутаттар өз тарапынан бекет санын ұлғайтып қана қоймай, онда көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажеттілігіне назар аударды. Сондай-ақ бүгін Қазақстан, Өзбекстан мен Түрікменстан шекарасындағы түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау мәселесі қаралды. Заң жобалары Парламент Мәжілісінде бір ауыздан қолдау тапты.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

– Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасын шегендеу туралы шарттың күшін жоюға болмайды. Болашақта бұл құжатқа ешқандай өзгертулер енгізілмейді. Бірақ әрбір 10 жыл сайын шекарада тексерістер жүргіземіз. Бұған дейінгі тәжірибеге сүйенсек, он жылдық мерзім жеткілікті.

Жанат Жарасов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Көрші мемлекеттермен шекара мәселесін орнына келтіріп жатырмыз. Екі заң жобасын қарадық. Ешқандай сұрақ болмауы керек. Ел қауіпсіздігі шекарадан басталуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы