Сарапшы: Президент мақаласы тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына міндеттерді айқындады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі мақаласы Тәуелсіз Қазақстанның төртінші онжылдығында атқарылатын міндеттерді айқындап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны бағдарламалық құжат деп атауға болады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер инсттитутының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, мақалада көтерілген бастаманың барлығы әрбір қазақтың жанына жақын.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:

- Әрбір қазақ үшін өте құнды болып табылатын тарих, тіл, наурыз мерекесін тойлаудың тұжырымдамасын жасайық деген нәрсенің барлығы, әрине, ол өте жақын. Әсіресе, шекаралас аймақтағы ауылдарды дамыту керек. Әрбір қазақ үшін ауыл деген қасиетті ұғым. Ауыл үшін оны көркейту, өркендету керемет нәрсе. Сондықтан да бұл тәуелсіздіктің қарсаңында, 30 жылдықтың қарсаңында үлкен бағдарламалық тұжырымдамалық құжат.