Мемлекет басшысы Армения Президентіне коронавирустан жылдам сауығуын тіледі

Мемлекет басшысы Армения Президентіне коронавирустан жылдам сауығуын тіледі
фото: ТАСС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Армен Саркисянның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Президент Армен Саркисянның @Arm_President коронавирустан жылдам айығып кетуіне және Армения халқының игілігі үшін мемлекеттік қызметке қайта оралуына тілектеспін. Біздің елдіріміз бен бүтін әлемнің белсенді күш-жігері COVID-19-ды жеңуге ықпал ететініне сенімдімін», - деп жазды Қ.Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.