ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы дауыс берді

ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы дауыс берді

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дауыс беру елордадағы «Қазақстан темiр жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында орналасқан №110 сайлау учаскесінде өтті.

Айта кетейік, бұл сайлау учаскесінде 18 байқаушы тіркеуден өткен. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.