ТМД Парламентаралық миссия байқаушылары сайлау учаскелерін аралады

«Сайлау комиссиясының төрағалары Заңнаманы жақсы біледі. Олар тіпті арандатушылық сұрақтарға дұрыс жауап берді». ТМД парламентаралық комиссия мүшесі Валентина Назаренко сайлау учаскелеріндегі комиссия жұмысына қатысты осындай пікірмен бөлісті. Елордадағы учаскелерді аралаған халықаралық байқаушылар саяси науқанға оң баға берді.

Валентина Назаренко, ТМД Парламентаралық ассамблеясы миссиясының байқаушысы /Беларусь/:

- Мен осы бірнеше күн ішінде сайлауалды науқанында ауқымды жұмыс атқарылғанын байқадым. Біріншіден, сайлаушылар үшін, учаскелік сайлау комиссиялары үшін жағдай жасалған. Дауыс беру процесінде санитарлық нормалар да барынша сақталған. Әрине ұлттық заңнама оның құқықтық реттелуі бүгінде сайлауды еркін, ашық, әділ өткізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Арзу Нагиев, ТМД Парламентаралық ассамблея миссиясының бақылаушысы /Әзербайжан/: 

- Мен 5 учаскеде болдым. Бұл негізінен Байқоңыр ауданы, екі-үш мектепте сайлаушылармен, БАҚ өкілдерімен кездестік. Осындай суыққа қарамастан, таңғы сағат 7-де сайлау учаскелері ашылды. Бұл тұста ұйымдастыру мәселесі бәрінен жоғары тұр. Осы уақытқа дейін ешқандай  шағым болған жоқ. Менің ойымша, Қазақстан Республикасының халқы дұрыс таңдау жасайды.