Қырымбек Көшербаев сайлауда дауыс берді

Қырымбек Көшербаев сайлауда дауыс берді

Бүгін жексенбінің таңында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік хатшы да өз таңдауын жасады. Қырымбек Көшербаев елордадағы №126-шы сайлау бөлімшесінде дауыс берді. 79-шы мектеп-лицейде орналасқан бұл сайлау бөлімшесінде таңертеңнен-ақ халықтың қарасы қалың болды.

Ал Президент аппаратының жетекшісі Ерлан Қошанов  №110 сайлау бөлімшесінде тіркелген. Онда бас-аяғы 2 606 адам дауыс беруі тиіс. Бұл жерде де санитарлық талаптар қатаң сақталып, арақашықтық та ескерілген.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау бөлімшесінде дауыс берді. Айта кетейік, мұнда 4661 тұрғын тіркелген. Аталған учаскеде барлығы 38 бақылаушы тіркеліпті.

Еске салсақ, сайлау бөлімшелері таңғы 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.