Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендер арасында ҚР азаматтарының бар-жоғы анықталуда – ҚР СІМ

Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендер арасында ҚР азаматтарының бар-жоғы анықталуда – ҚР СІМ
фото: kursiv.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі Испания астанасындағы жарылысқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, бүгін 15:00 шамасында Испания астанасы Мадридте жойқын жарылыс болды.

«Осы жылдың 20 қаңтарында (жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында) Мадрид қаласының Толедо көшесіндегі ғимараттарының бірінде жарылыс болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Қазақстанның Мадридтегі консулы жергілікті билікпен байланыста. Қазіргі кезде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталуда», делінген хабарламада.