Қ.Тоқаев пен С.Жапаров кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Мемлекет басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Кеңейтілген құрамдағы келіссөздерде сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға және саяси, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда тығыз ықпалдастық орнатуға басымдық берілді. Қырғыз делегациясына ілтипат білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев екі елді бауырластық, достық және серіктестіктің дәстүрлі жолы байланыстыратынын атап өтті.
Келіссөздер барысында тараптар іскерлік байланыстарды жан-жақты кеңейтуге, инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, екі елдің көлік-транзиттік әлеуетін бірлесіп пайдалануға, сондай-ақ цифрландыру саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.