Қазақстан мен Ресейдің Үкімет басшылары келіссөз жүргізді

Асқар Мамин Михаил Мишустинмен Мәскеу қаласында кездесті.

Басқосуда сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика және ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты арттыру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация шеңберіндегі жобалар сөз болды. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. Короновирустың таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен іс-шараларға ерекше назар аударылды. Осы орайда тараптар «Спутник V» вакцинасының 4 млн дозасын Қазақстанға қосымша жеткізу туралы уағдаласты.