М.Тілеуберді ТМД СІМ кеңесі аясында түрікменстандық әріптесімен екі жақты келіссөз өткізді

Премьер-министрдің орынбасары - Cыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастап барған қазақстандық делегация ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті мәжілісіне қатысты.

Басқосу Беларусь республикасының төрағалығымен Мәскеуде өтті. Сыртқы істер министрлері аймақтық қауіпсіздік, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық секілді өзекті мәселелерді талқыға салды. Осы шара аясында Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен екі жақты келіссөздер өткізді. Қос тарап елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамуын атап өтіп, келешекте жоғары деңгейде өтуге тиіс кездесулерге дайындық шараларын талқылады.