Мүгедек жандарды қорғауды көздейтін заң жобасы қаралып жатыр

Мүгедек жандарды қорғауды көздейтін заң жобасы қаралып жатыр

Елімізде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Олардың 60 проценті еңбекке қабілетті. Алайда қоғам арасында қалыптасқан теріс көзқарастың салдарынан бұл адамдар күнделікті өмірде қиыншылық көреді. Бұл туралы бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Парламент түйіткілдің аталмыш тұстарын ескеретін заң әзірлеу керек. Қазір құжат депутаттар қарауында. Ол ерекше қажеттілігі бар жандарды қорғауға және қолдауға бағытталған. Бүгін сенаторлар, мемлекеттік орган өкілдері мен сала мамандарының қатысуымен өткен кездесуде осы мәселе көтеріліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта құру айтылды. Басқосуда сөз болған ұсыныстар заң дайындау кезінде ескеріледі.