Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

primeminister.kz

Ол сапар барысында көлік, туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуын, сондай-ақ халықты вакциналау барысымен танысты.

Үкімет басшысы халықаралық әуежайдан Ақтау курорттық аймағына дейінгі жолды реконструкциялау, республикалық маңызы бар «Жетібай – Құрық» автомобиль жолын күрделі жөндеу барысын, сондай-ақ өңірдегі басқа да автожол жобаларының іске асырылуын тексерді. Асқар Мамин жоспарланған нысандар құрылысының уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.