ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізілді

ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізілді

Сенат Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа енгізілген өзгерістер кедендік баж салығына, оларды одаққа мүше мемлекеттердің бюджетіне аударуға және аванстың төлем институтын енгізуге қатысты. Қаржы министрінің айтуынша, енді кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар мен пайыздар аванстық төлем деп танылады. Жалпы, қазір кедендік төлем мен салықтың алты түрі бар. Бұдан бөлек, берешегі бар мемлекеттер осы төлемнің есебінен қарызын жаба алады. Сала басшысының айтуынша, қабылданған заң уақыт пен шығынды азайтуға мүмкіндік беретін көрінеді.