Әкім сайлау - үлкен жауапкершілік

Енді елдегі саяси партиялар электоралды процестерге жиі араласуы қажет. Сонда жергілікті деңгейдегі атқарушы билікке таласып, халық алдындағы жауапкершілігін орындауға міндетті болады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері осылай дейді. Ауыл әкімдерінің сайлауы жұрттың белсенділігін көрсетті. Дауыс беруге құқығы бар азаматтардың шамамен 70 проценттен астамы учаскеге барып, таңдауын жасаған. Оның қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.

Төлеутай Рахымбеков, ҚР Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Өте жоғары белсенділік білдірді ауыл тұрғындары. Мен өзім БҚО өңіріне бардым. Атырау облысына, 4-5 ауылға. Әкімді сайлау - үлкен жауапкершілік. Енді бұрынғыдай әкімнің қолынан не келеді, ол жоғарыдан тағайындалған адам деп айта алмайсыздар. Ол сіздердің сайлап алған әкімдеріңіз.