Президент Паралимпиада чемпиондарын орденмен марапаттады

Президент Паралимпиада чемпиондарын орденмен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токиодағы Паралимпиада чемпиондарын орденмен марапаттады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2021 жылғы 06 қыркүйек

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

  1. Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

 

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен 

Дегтярев Давид Мамиевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

 

«Парасат» орденімен Байбатина Зарина Боранбайқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы; 

Дәулет Теміржан Серікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы

 

Сариев Ануар Берікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы; 

«Құрмет» орденімен 

Жұмағали Нұрдәулет  Мақсұтұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы. 

 

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының 

                 Президенті                                                                           Қ.Тоқаев 

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 6 қыркүйек 

                № 652