Елбасы БҰҰ отырысында бейнеүндеу жасады

Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі пленарлық отырысына қатысушыларға үндеу жолдады.

Жиын Нью-Йорк қаласында өтіп жатыр және халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне ұйымдастырылды. Отырыс Тұңғыш Президенттің бейнеүндеуімен ашылды. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтің маңыздылығына тоқталып, халықаралық аренада антиядролық қозғалысты ілгерілету жолындағы қазақстандық дипломатияның ерекше күш-жігерін атап өтті. Осыдан отыз жыл бұрын қабылдаған Семей полигонын жабу туралы шешімінің маңыздылығын түсіндірді.