Асқар Мамин жаңа энергетика министрін ұжымға таныстырды

Асқар Мамин жаңа энергетика министрін ұжымға таныстырды

Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болып тағайындалды. Ведомство басшысын ұжымға Премьер-министр Асқар Мамин таныстырды.

Мазұм Мырзағалиев бұл салада біраз жыл қызмет атқарған. Еңбек жолын бұрғылау инженері болып бастаған ол, кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы төрағасының орынбасары, энергетика вице-министрі болды. Ал 2019 жылы экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған. Бұл қызметті Мырзағалиев екі жыл атқарды.