Ұлт жоспарындағы 100 қадамның жетпіс екісі орындалды

Ұлт жоспарындағы 100 қадамның жетпіс екісі орындалды

Ұлт жоспарында көрсетілген 100 қадамның 72-сі орындалды. Биыл тағы 9 қадам бойынша жұмыс жүргізіледі. Яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құру мен индустриаландыру бағыттарына басымдық беріледі.

Бұл туралы Үкімет басшысы және Парламент Мәжілісінің төрағасы қатысқан Жаңғырту бойынша ұлттық комиссиясының отырысында айтылды. Қатысушылар бизнес өкілдерінің жүктемесін азайту жайында сөз қозғады. Саладағы қызметті реттейтін заң жобасы Парламент қарауына енгізілді. Ауыл тұрғындарына медициналық жәрдем көрсету, студенттерді жатақханамен қамту сынды түйткілдер де күн тәртібінде болды. Премьер-министр Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев енгізген 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру туралы Ұлт жоспарын орындау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.