Мемлекет басшысы Түрікменстандағы «Ел есінде» мемориалды кешеніне барды

Мемлекет басшысы Түрікменстандағы «Ел есінде» мемориалды кешеніне барды
Ақорда

Қазақстан Президенті Түрікменстанға мемлекеттік сапары аясында 1881 жылғы шайқасты, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды және 1948 жылғы Ашхабад жер сілкінісінің құрбандарын еске алуға арналған тарихи кешенге барды. Кешенде аталған оқиғаларда қаза тапқандар мен батырларға қойылған ескерткіштер, монументтер бар.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасиетті Отан» музейінде Мемлекет басшысына Ұлы Отан соғысындағы әскери оқиғалардың макеттері мен жер сілкінісінің экспонаттары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.