Үкіметтің бірқатар өкілеттігі министрліктерге өтпек

Бұдан былай Үкіметтің бірқатар өкілеттігі министрліктерге өтпек. Ал ведомстволардың атқаратын қызметтің бір бөлігін жергілікті атқарушы органдарға жүктелмек. Бүгін сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында тиісті заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады.

Жоба кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Мәселен, Білім және ғылым министрлігі бұдан былай білім беру кредиттеріне және олардың мөлшеріне кепілдік беру қағидасын өзі бекітеді. Бұған дейін бұл қызметті қаржы ұйымдары атқарып келген. Сондай-ақ халықаралық шарттардың орындалуын қадағалау Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі. Бірінші оқылымда мақұлданған құжат әрі қарай Палатаның қарауына жіберілді.

Ләззат Рысбекова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Осы Заң жобасы арқылы Қазақстан Республикасының 46 заңнамалық актісіне, оның ішінде Бюджеттік және Қылмыстық атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Одан бөлек, Білім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір функцияларын жергілікті атқарушы органдарға беру қарастырылған. Кейбір мәселелерде Экология, геология және табиғи ресурстар, Қорғаныс, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілеттіктерін күшейту үшін оларға да бірқатар қосымша қызметтер беріледі.