СІМ бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Моңғолияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

СІМ бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Моңғолияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесіп, оның сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, БҰҰ, АӨСШК және т.б. сияқты өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылын талқылады. Тараптар ағымдағы жылы екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының оң динамикасын атап өтті.

Д.Баярху Қазақстан тарапына АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 6-шы отырысын және Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэгтің 2021 жылғы 11-14 қазанда ҚР-ға ресми сапарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Ш.Нұрышев моңғол дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оған екі ел арасындағы байланыстарды дамыту жолындағы қызметіне табыс тіледі.