Асқар Мамин: Достастық мемлекеттерінің «жасыл» экономика моделін енгізу қажет

Асқар Мамин: Достастық мемлекеттерінің «жасыл» экономика моделін енгізу қажет
Egemen Qazaqstan

Премьер-Министр Асқар Мамин ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына бейнеконференция арқылы қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол өз сөзінде Достастық кеңістігіндегі сыртқы сауда көлемінің күшейіп келе жатқанын айтты. Мәселен, биыл қаңтар-тамыз айларында ТМД шеңберіндегі Қазақстан тауар айналымы 27%-ке өсіп, 20 млрд долларға дейін жеткен. Үкімет басшысы сондай-ақ орнықты өсімді қамтамасыз ету мақсатында Достастық мемлекеттерінің «жасыл» экономика моделін енгізу қажеттігін атап өтті.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

– Ортақ көлік саясатын жүйелі түрде жетілдіруге, стандарттарды үйлестіруге, алдын ала келісілген тарифтік саясатты жүргізуге және ТМД елдерінің транзиттік әлеуетін кең қолдану үшін өзара жеңілдіктер ұсынуға баса мән беруіміз керек. Өңірімізде баламалы көлік бағыттарына сұраныс артып жатыр. Пандемия кесірінен туындаған тәуекелдерге қарамастан биылдың алғашқы тоғыз айында Қытай мен Еуропалық Одақ бағыты бойынша транзиттік тасымалдау көлемі шамамен 40 процентке өсіп, 600 мың контейнерден асты.