Елімізде кейбір ит түрлерін серуендетуге тыйым салынуы мүмкін

Елімізде кейбір ит түрлерін серуендетуге тыйым салынуы мүмкін

Төменгі палата жануарларды қорғауға бағытталған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оған сәйкес, енді 16 жасқа толмаған балаларға кейбір ит түрлерін далаға шығарып, серуендетуге тыйым салынбақ. Бастамашылар мұны қауіпсіздік үшін жасадық деп отыр. Өйткені қабаған иттер көшеде жүрген басқа адамдарға шабатын болса, оларға балалардың шамасы жетпей қалады. Заң жобасын әзірлегендер қабаған иттердің қатарына питбульді, бультерьерді және ротвейлерді жатқызған екен.

Бұдан бөлек, мәжіліс депутаттары бала зорлауға және терроризмге қатысы бар адамдарды елімізге кірігізбеу туралы заң жобасын әзірледі мүмкін. Оны енді алдағы отырыстарда талқыға салып, мақұлдауды көздеп отыр.