Келесі жылы елордада кемі 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Келесі жылы елордада кемі 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Президент қабылдауында болған қала басшысы осылай деді.

Елорда әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді.

Алтай Көлгінов биыл жеңілдікпен берілетін қолжетімді баспаналар, білім беру ошақтары мен басқа да әлеуметтік нысандар саны рекордтық деңгейге жеткенін айтты. Мәселен, 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10 мыңға дейін жеткен екен. Келесі жылы да осы межені сақтау жоспарланған. Сонымен қатар биыл пайдалануға берілген 15 мектеп 40 мыңға жуық оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. Келесі жылы тағы да 16 мектеп салу жоспарланған.