Маңғыстау облысында 200-ден аса жоба жүзеге асырылады

Алдағы 4 жылда мұнайлы өлкеде 9 суды тұщыландыру жобасы іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның жалпы қуаты 286 мың текше метр болады. Үшеуі келер жылдың басында пайдалануға беріледі. 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру аясында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, экономика 32%-ке артты. Өңірде жүзеге асырылуы тиіс 200-ден аса жобаға 2 трлн 1 млрд теңге бөлінген. Асқар Маминге энергетикалық кешенді жаңғырту жобалары да таныстырылды. 2030 жылға дейін мұндағы екінші жылу электр орталығында бу-газ қондырғысы салынады. Сондай-ақ жиынтық қуаты тәулігіне 24 мың текше метрге жететін екі тұщыландыру қондырғысының да іргесі қаланады.