Н.Назарбаев Қазақстанды әлемге бейбіт бастамаларымен паш етті – Итальяндық сарапшы

Нұрсұлтан Назарбаев - тарихтағы орыны бөлек тұлға. Себебі Елбасы ең қиын міндет - аймақтағы барлық көрші елдермен және өзге де сырт мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатуы бір бөлек оның сыртында ядролық қарусыздану ісінде әлемге үлгі көрсетті. Бұған дейін ешкімнің қолынан келмеген іс атқарды. Еуропалық саясаткерлер осы тұста Елбасының мемлекетті дамытудағы ролін айрықша бағалайды.

Тиберио Грациани, VISION & GLOBAL TRENDS ғаламдық сараптамалар халықаралық институтының басшысы:

- Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың артықшылығы - ол аз уақыт ішінде Қазақстанды халықаралық деңгейге көтеріп, әлемдік сахнадағы орынын нығайтты. Республиканы әлемге ең алдымен ядролық қаруға қарсы және бейбіт бастамаларымен паш етті. Қазақстан Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен тату-тәтті қарым-қатынас орнатты. 2019 жылдың наурыз айында президенттік билікті жемісті тапсыру процесін ерекше атап өткім келеді.

Франко Фраттини, Еурокомиссияның вице-президенті (2004-2008 жж.):

- Мен Сіздің елдің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі халықаралық сарапшылар тобына шақырылғанда кеудемді мақтаныш кернеп, қуанған едім. Себебі мұндай мәселені көп елдің көшбасшылары сөз еткенмен ешқандай нақты ұсыныс жасамаған еді. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы ядролық қаруды тоқтатуға бағытталған тың, нақты бастама болды.