Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға алғыс білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға алғыс білдірді
Kapital.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук-парақшасында жазды.

Алексей  Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы шықты. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше,  ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметтен кеткен. Айта кетейік, Алексей  Владимирович  бұл лауазымға 2020 жылы тағайындалған еді. Ал оған дейін 2014 -2019 -шы жылдар аралығында  Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, 2020 жылы Президент іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі қызметін атқарды. Дәл сол жылы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары болып  тағайындалды.