2022 жыл – Балалар жылы

2022 жыл – Балалар жылы
Ақорда

Биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы «Балалар жылы» деп жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы түнде жаңажылдық құттықтауында айтты. Ол «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін» – деді.

Бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек.

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп атап өтті Президент.