Қ. Тоқаев: Террористер Ақорданы басып алмақ болды

Қазақстан Республикасында төңкеріс жасау әрекетіне тойтарыс берілді. Террористер Ақорданы басып алмақ болған.

Күштік құрылымдардың шұғыл қиымылының нәтижесінде лаңкестердің арам ойы жүзеге аспай қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында осылай деп мәлімдеді. Президенттің айтуынша, Ақордаға төнуге оқталған содырлар Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының бітімгерлері келіп жеткен үш әскери-көлік ұшағын байқап, кейінге шегінген.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні