Қазақстан мен АҚШ есеп шот туралы ақпарат алмасады

Қазақстан мен АҚШ үкіметі резиденттерінің қаржы шоттары туралы ақпартпен алмасып отырады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүгін Мәжіліс депутаттары осы бағыттағы келісімді ратификациялады. Оған сәйкес, Қазақстан біздің елде шот ашқан Америка азаматы туралы барлық ақпаратты жинап, АҚШ үкіметіне беріп отырады. Дәл осылай АҚШ тарапы да шот ашқан Қазақстан азаматтары туралы біздің елге ақпарат беруге міндетті болады. Бүгін Мәжілісте заң жобасы туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады.

Оның айтуынша, келісім қаржы жүйесіндегі бақылауды сақтауға, салықтарды жинауға мүмкіндік береді. Егер қаржы ұйымдары клиенті туралы ақпаратты жасырып қалса, айыппұл салынады. Ал заңға бағынбаған қаржы аударымдарынан оның көлемі 30 процент көлемінде ұсталатын болады.