Түркі мемлекеттері ұйымы елімізге қолдау білдірді

Қазақтан – Түркі әлемінің маңызды және бөлінбейтін бөлігі. Қазақ жері – күллі түркінің атажұрты. Сондықтан Қазақстандағы жағдайдың бүкіл түркі әлеміне әсері зор. Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әмреев осылай деп мәлімдеді.

Ұйым Қазақ елін қолдайды. Тиісті мәлімдеме Түркі мемлекеттері Ұйымының сыртқы істер министрлер кеңесінің төтенше жағдай отырысында айтылды. Құжатта Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бауырлас халықтың әл-ауқаты мен тыныштығына бағытталған реформаларын қолдайтыны жазылған.

Бағдат Әмреев, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысы:

– Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған жаңа реформаларға байланысты Түркі мемлекеттері өздерінің қолдауларын білдірді. Жалпы 9 баптан тұратын мәлімдеменің 6 бабында Түркі мемлекеттері Қазақ еліне және Қазақстан басшылығына деген ашық және нақты түрде айтты. Сондықтан бұл құжат өте маңызды. Түркі әлемінің Қазақстанға маңызды қолдауы деп есептеймін.