Роман Василенко Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Роман Василенко Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Роман Юрьевич Василенко Қазақстанның Словак республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылып, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ал осы лауазымдағы Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.