Мемлекеттік бастамаларға Н.Назарбаевтың келісімі міндетті емес

Сенаторлар заңға осындай өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жоғары палата сондай-ақ бұған дейін Мәжіліс ұсынған Елбасының Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құқығы бойынша өзгерістер енгізу туралы норманы қолдады. Сөйтіп Заңдағы өзгерістерді толықтыру үшін Мәжіліске қайтарды.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекеттің қауіпсіздік кеңесін, Қазақстан халқы ассмаблеясын Мемлекеттің басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқару қажет деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар бір норма енгізіліп отыр, Тұңғыш Президент туралы заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілу тиіс деген норма алып тасталынып отыр. Заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдаларды қолдап, бір өзгеріспен Мәжіліске қайтарып отыр.

ондай-ақ Сенат отырысында Мәжілістің депутаттық мандаттарына сайлану туралы құжат та талқыланды. Енді бұл тізімнің кем дегенде 30 проценті әйелдер, 29 жасқа толмаған жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар болуы тиіс. Мұның нәтижесінде елдегі түрлі әлеуметтік топтар заң шығару процесіне қатыса алады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың мәлімдеуінше, мұндай бастама Парламенттің инклюзивтілігін арттырады.