Қала өмірін жақсартуға бар күш-жігерімді арнадым – Б.Сағынтаев

Қала өмірін жақсартуға бар күш-жігерімді арнадым – Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Мегаполисті 720 күн басқарған Бақытжан Сағынтаев Ғacebook-тегі парақшасына осылай деп жазды, деп хабарлайды Хабар 24.

«Бүгін мен өз лауазымымды жаңа әкімге тапсырамын. Осыдан тура 720 күн бұрын Президент маған Алматы әкімдігін басқаруды сеніп тапсырды. Бұл үшін Мемлекет басшысына ризамын. Мен сіздермен үнемі бірге болдым. Қала өмірін жақсартуға бар күш-жігерімді арнадым. Ұзақ мерзімді «Алматы-2050» стратегиясын қабылдап, қаланы дамытудың келешегін айқындадық. Президенттің «Шетсіз қала» қағидаты негізінде қалаға қосылған аудандардың түйткілді мәселелерін шешуге баса назар аударып, «Жаңа Алматы» кешенді бағдарламасын қабылдадық. Біз әлеуметтік мәселелерді шешу үшін Алматыны агломерация ретінде дамыту және облыстың қаламен шектесетін 4 ауданында жұмыс орындарын құру жұмысын күн тәртібіне қойдық. Денсаулық сақтау жүйесі нығайтылды. Бір жылдың ішінде ең заманауи жабдықтармен жабдықталған 3 жұқпалы аурулар ауруханасын іске қостық. Пандемия кезінде денсаулық сақтау жүйесіндегі дағдарысқа жол берілмеді», – деп жазды ол.

Сонымен қатар ол мектептерді жедел салу бағдарламасы қолға алынғанын да жазып өтті. Осын  және өзге де атқарылған шаралар туралы үнемі халықты хабардар етиіп отырғанын да жасырмады. Қаланың бұрынғы әкімі жазба соңын «Бірге атқарылған жұмыс үшін алматылықтарға алғыс айтамын! Қаламызға және барша алматылықтарға бақытты ғұмыр тілеймін! Алматы мәңгі менің жүрегімде», – деп аяқтады. Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды. Алматы әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалды.