Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаттарының міндеті туралы айтты

Парламенттің төменгі палата депутаттары Ерлан Қошановты бір ауыздан Мәжілістің төрағасы етіп сайлады.

Пленарлық отырыс кезінде оның кандидатурасын депутат Ерлан Сайыров ұсынған. Сайлау бюллетеньдерін қолдана отыра, халық қалаулылары оған құпия түрде дауыс берді. Бұл процедураны өткізу үшін арнайы есеп комиссиясы құрылып, кабиналар мен сайлау жәшігі қойылған.

Айта кетейік, Ерлан Қошанов 2019 жылдан бері Президент Әкімшілігін басқарған еді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Өмір жолымның бірқатар уақыты осы Парламент қабырғасында өтті. Сіздердің сенімдеріңіздің арқасында, осы абыройлы жұмысты бірге жалғастырамыз деп ойлаймын. Парламент Мәжілісіне жетекшілік ету бұл әрине ерекше мәртебе. Бұл Қазақстан халқы мен Мемлекет басшысының алдындағы зор үлкен жауапкершілік. Және де сол үлкен жауапкершілік жүктейтін айрықша маңызды қызмет. Бәрімізге белгілі, бүгін біз ел даму кезеңінің ең жауапты кезеңінде тұрмыз. Осы кезеңде президентіміз жан-жақты және түбегейлі реформалар ұсынатынын атап өтті. Бұл реформаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету барлығымыздың әсіресе осы Мәжіліс депутаттарының ортақ міндеті.