Халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас реттеу тәртібі жетілдіріледі

Халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас реттеу тәртібі жетілдіріледі

Еліміздің шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас реттеу тәртібі жетілдіріледі.

Бүгін Сенат депутаттары өздері әзірлеген заңның жобасын таныстырды. Құжат халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына сәйкестендірілген. Мұнда "дәйектеу" және "халықаралық шарт жасасу" ұғымдарының анықтамалары қайта қаралып, "қол қою" және "өкілеттік" ұғымдары нақтыланды. Жаңа заң жобасы, халықаралық шарттарға қол қою кезінде бюрократиялық кедергілерді жоюға бағытталған. Мәселен, енді ел Президенті халықаралық шарттарға қол қойғанда немесе бұл міндетті басқа лауазымды тұлғаға жүктегенде оған қосымша өкілеттік берудің қажеті болмайды.