Мәжілісте «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы құрылды

Бұл туралы бүгін депутат Еділ Жаңбыршин айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бұл топ қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде Парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтажын уақытылы шешуге қызмет етеді. Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынаста трансформацияның қажет екенін айтқан. 

Еділ Жаңбыршин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жалпы қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынаста трансформацияның қажеттілігі туындағанын және «Жаңа Қазақстанды» құру туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы қайта-қайта айтып жүр. Мұндай кешенді трансформация ең алдымен Парламент қызметінде орын алып, Мәжіліс қабырғасынан басталуы шарт. Сондықтан Парламенттің төменгі палатасындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеріп және Президенттің тапсырмаларын Мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топты құруды, ресми түрде жариялаймыз.