«Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Үкімет басшысымен кездесті

«Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Үкімет басшысымен кездесті
askhat_oralov

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловпен кездеусі туралы Асхат Оралов өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен кездестім. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізуде. Кездесу барысында Үкімет мүшелері мен партия органдарының «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық», – деп жазды Асхат Оралов өзінің Instagram парақшасында.