Қазақстан Украина мен Ресей үшін келіссөз жүргізуге алаң ұсына алады – Ерлан Қошанов

Қазақстан Украина мен Ресей үшін келіссөз жүргізуге алаң ұсына алады – Ерлан Қошанов

Қазақстан Украина мен Ресей үшін келіссөз жүргізуге тиісті алаң ұсына алады. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді.

Оның айтуынша, бұл шиеленістің салқыны біздің елге де тиіп отыр. Қазір Ұлттық банк пен Үкімет Президент тапсырмасын орындауға кірісіп кетті. Батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларының Қазақстан экономикасына ықпалын барынша азайту көзделіп отыр. Барлық қажетті қадамдар жасалып жатыр.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Украина мен Ресей біздің бауырлас елдер. Бұл шиеленістің салқыны Қазақстанға да ауыр тиіп отыр. Адамдардың өмірі қиылып, қалалардың талқандалып жатқаны қиын жағдай. Қазақстан қалай көмектесе алады? Бұл тұрғыда кеше Мемлекет басшысы тиісті мәлімдеме жасады. Біз келіссөз жүргізуге қатысты көмек көрсете аламыз, яғни осыған тиісті алаңды ұсына аламыз.