А.Сарым: Жүйесіз сөз ел экономикасына нұқсан келтіруі мүмкін

Ел саясаткерлері үзілді-кесілді шешімдер мен мәміле жасауда сақ болғаны абзал. Әсіресе Украина мен Ресей арасындағы шиеленіске қатысты айтылған әр сөз маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым осылай дейді. Себебі бір ғана жүйесіз сөз ел экономикасына орасан зор нұқсан келтіруі мүмкін.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қазақстанның жағдайын ойлауымыз керек. Бір жағынан қазақша айтқанда өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын саясат қажет бізге. Негізгі Қазақстан қазір БҰҰ-мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұймының нақты ұстанымын күтуі қажет сияқты.