И.Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ – Бас прокуратура

Tengrinews

ҚР Бас прокуратурасы Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіп жатқан жоқ.

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарлама таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - делінген Бас прокуратура мәліметінде.