Президент Парижде өтетін Олимпиадаға дайындықты күшейтуді тапсырды

Президент Парижде өтетін Олимпиадаға дайындықты күшейтуді тапсырды

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын тиісті деңгейде атап өту қажет.

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министріне осындай тапсырма берді. Президент ұлттық спорт резервінің 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындығын күшейтуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастар үшін ұлттық мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын арттыру қажет», - деді.

Дәурен Абаев спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қарай қаржыландыру, бұқаралық спортты қарқынды дамыту жөніндегі тапсырманы орындау ведомство жұмысындағы негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы ұлттық спорт резервінің ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындығын күшейтуді тапсырды. Президент карантиндік шектеулердің елімізде және шет мемлекеттерде жеңілдетілуіне байланысты туризм саласын дамытудың тың жолдарын әзірлеу маңызды» деп есептейді».