Су тасқынына байланысты екі облыстағы ахуал күрделі – ТЖМ

Су тасқынына байланысты екі облыстағы ахуал күрделі – ТЖМ

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы жағдай күрделі. Бұл туралы төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Үкіметте өткен кеңесте жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су тасқынының алдын алу және оның салдарымен күрес мәселесіне арналған отырыста мәлім болғандай, маусым басталғалы бері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының 8 елді мекені су астында қалды. 184 тұрғын үй және 72 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан зардап шекті. Уақытылы шығарылмаған қар, арықтар мен каналдардың бітелу салдарынан болды. Таяу күндері күн райы жылынып, бірқатар өңірде ахуал одан сайын ушығуы мүмкін. Осыған байланысты Премьер–Министр Әлихан Смайылов тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, су тасуға қатысты мәселеге жедел әрекет етуді тапсырды.