Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Жәнібек Абдуләкімұлы Иманалиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі лауазымынан босатылды.