Саяси партиялар арасында бәсекелестік туындайды – депутат

Мемлекет басшысының Amanat партиясының төрағалығынан бас тартуы еліміздің барлық саяси ұйымдары арасында тепе-теңдік орнатады. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың пікірінше, енді Қазақстанда тіркелген партиялар арасында шынайы бәсекелестік туындайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни саяси ұйымдардың бәріне тең мүмкіндіктер беріледі.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл Қазақстандағы партиялардың арасындағы бәсекелестікті көтеруге бағытталған жұмыс. Екіншіден, Мемлекет басшысының басқа да саяси партияларға да тең мүмкіндік жасау. Үшіншіден, Мемлекте басшысы айтылған сөзін іспен дәлелдеді. Бұл Президенттің әрбір берген уәдесіне бақылаудың белгісі.