Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік-логистика, энергетика және өзге де маңызды салалардағы өзара іс-қимыл келешегін талқылады.