Үкімет басшысы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Бүгін елордада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.