Атырауда референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының отырысы өтті

Атырауда референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының өңіраралық отырысы өтті.

Жиынға ардагерлер, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының маслихат хатшылары мен облыстық штаб төрағалары қатысты. Кеңесте референдумның маңызы мен тұрғындарға насихат жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелері талқыланды. Облысқа белгілі қоғам белсенділері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен саясаттанушылардан құралған өңірлік штаб құрамында 25 адам бар. Жиынға қатысқандар батыс өңірі тұрғындарының маңызды науқанға қатысуға деген құлшынысының жоғары екеніне тоқталды.

Айта кетейік, облыста 400 мыңға жуық тұрғын референдумға қатыса алады. Ол үшін 261 референдум учаскесі дайындалған.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Ескерілмеген, кеткен кемшіліктерімізді, қателіктерімізді түзету үшін жасалып жатқан іс-шара. Жалпы бұл референдум біздің еліміз үшін, халқымыз үшін, болашағымыз үшін жасалып жатқан іс-шара. Сондықтан алдымыздағы 5 маусымда өткелі отырған референдумға бүкіл халқымызды белсенді түрде қатысуға шақырамын.