Сайлау учаскелерінде exit poll болады

Референдум күні елдегі сайлау учаскелерінде экзитпол болады.

Қоғам белсенділері сайлаушылардың 7 процентін қамтуды жоспарлап отыр. Алынған ақпарат нақты уақыт режимінде дауыс берудің аралық нәтижелерін біліп отыруға көмектеседі.

Әлібек Тәжібаев, әлеуметтік қордың жобалық жетекшісі:

- Біздің ойымызша, сайлауда адам қарасы қөп болады. Сондықтан барлық дауыс беру санын сәт сайын қадағалап отыруға бізде мүмкіндік бар. Сондай-ақ қазақстандық сайлаушылар үшін дауыс беру таңсық дүние емес деп ойлаймын.