Түрлі сала мамандары Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайлы пікір білдірді

Елдегі қоғам қайраткерлері, өнер адамдары мен түрлі сала мамандары жалпыхалықтық референдумда өз таудауларын жасады. Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайлы пікір білдірді.

Сәлімжан Нақпаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Егер заң өзгеріп, халыққа жақсылық әкелсе мен оған қарсы емеспін. Жалпы өз ойым. Оны өзгертуге болады. егер өзгерістің әрқайсысы өмірімізді жеңілдететін болса.  

Айдос Жұқанұлы, журналист:

- Мен өзім барып, отбасымды да барып бәрін жасатып жатырмыз. Санамыз қаңғырып кетпей, рухани жаңғыруымыз керек. Мемлекет кешенді түрде  бағдарламалар қабылдап, оған тек мемлекеттен күтіп отырмай өзімізде күш салып отыруымыз керек. 

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

- Біздің халықаралық түркі академиясы да референдумда бақылаушы миссиясын атқарып жатыр. Біздің қызметкерлеріміз, әріптестеріміз, таңертең 07:00-ден бастап учаскелерде болды. ешқандай бұзушылық жоқ деді әріптестеріміз. Мен өзім де қазақстан азаматы ретінде дауыс бердім. отбасыммен бірге. сонда көргенім халықтың ықыласы жоғары, әсіресе жстар көбінесе келіуде. бұл халықтың өзінің болашағына бей-жай қарамайтынын, тарихи кезеңде өз таңдауын жасағанын көрсетеді. 

Сәкен Бибосынов, әлем чемпионы:

- Мен өзімде сайлау учаскесіне барып, дауысымды беріп, өз таңдауымды жасадым. Алдағы спорт саласында,жарыстарымызда өз нәтижесін беретініне кәміл сенімдімін. 

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

- Мен өзім дауыс беруге бардым. үлкен кезекте демеймін, бірақ кезекте шамалы тұрдым. халықтың легі бүгіндегі жауапкершіліктің ел алдындағы жауапкершілікті сезініп белсенділік танытып отыр. Референдум үлкен азаматтық белсенділіктің белгісі.

Ләззат Рамазанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ең үлкен жұмыс референдумнан кейін басталады. Маңызды роль азаматтық қоғамның басты үні. Саяси референдумге деген дайындық еш қызық  сандықты кеш қалдырған жоқ. үлкен үміт талап тудырып жатқан сияқты.

 

Серікзат Дүйсенғазы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:

- Негізі референдум деген қорқатын нәрсе емес. Еуропада бар дүние. Еуропада үнемі кез келген мәселені референдум арқылы шешеді. Заңдарға келісу, келіспеу халықтың пікірімен шешіледі. бұл демократиялық елдерде қолданылады. ал бізде бұл көп қолданылған жоқ. 

 

Алтынбек Рахметов, режиссер, продюсер:

- Бұндай референдумды 27 жыл күткем негізі. Балаларымның болашағы үшін біз де дауыс бердік. Қазір бүкіл дүниежүзі 7 апат жолымен келе жатқан өзгерістер бар. конституция жиі өзгеру керек те шығар. басқа мемлкеттерде 20 ғасырдан бастап әлі өзгерген жоқ дегенге кішкене қарсымын. қазіргі адамдардың да көзқарасы да басқа. референдум болып жатқаны, өзгеріс енгізіліп жатқаны ол мемлекеттің әлемге бұрған бетбұрысы. 

Айман Омарова, адвокат:

- Референдум өздеріңіз білесіздер 95 жылдан бері болмаған. ол енді халықтан өздерінің пікірлерін сұрау деп айтуға болады. Ешкімді мәжбүрлеп жатқан жоқ қой. Дауыс бергісі келсе береді, бергісі келмесе бермейді. Менің пікірімше, халық үшін жасалған деп санаймын.